Мен ату жазасына да көнемін, тек «ұрлықшы» деп айыптамаңыздар — Арыстанбек Мұхамедиұлының соттағы соңғы сөзі
16 маусымда Байқоңыр ауданының № 2 елордалық сотында бұрынғы Мәдениет министрі және Ұлттық музейдің директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы, сондай-ақ басқа да сотталушылар соңғы сөзін айтты.
Сотталушылар орындығында Мұхамедиұлынан басқа оның орынбасары Алмаз Нұразхан, «Экспонат» мердігерлік ұйымы директорының орынбасары Азамат Көшенов және осы компанияның бухгалтері Айым Сәдуақасова бар.
Сотталушылар «Алтын адам»басты экспонат болуға тиіс халықаралық көрмені өткізуге бөлінген 221 млн теңгені ұрлады деп айыпталуда.
Сотта соңғы сөз сөйлеген Арыстанбек Мұхамедиұлы ел заңдарын бұзбағанын және кінәсін мойындамайтынын мәлімдеді.
«Мен кез-келген жазаға, тіпті ату жазасына да келісемін. Тек ұрлықшы, жемқор демеңіздер. Абырой бәрінен қымбат. Айыптау актісінің жаңа тұжырымында ұрлық пен қастандықтың бірде-бір фактісін келтірмеген. Сонымен қатар айыпталушылар тарапынан заңсыз әрекеттер болған жоқ»,-деді бұрынғы министр.
Ақпарат, фото: http://t.me/orda_kz