Өзбекстанның Жоғарғы соты 16 жылға сотталған белсенді Дәулетмұрат Тәжімұратовқа қатысты үкімді өзгеріссіз қалдырды
Өзбекстанның Жоғарғы соты бүгін Қарақалпақстандағы жаппай наразылықтарға байланысты 16 жылға сотталған Қарақалпақ журналисті және белсендісі Дәулетмұрат Тәжімұратовқа қатысты үкімді өзгеріссіз қалдырды.
Соттың шешімін тыңдап, Дәулетмұрат Тәжімұратов залда жиналғандарға: «Алланың жазасы! (араб тілінде) Көңіліңді түсірме! Алға, қарақалпақ!» — деп айқайлады.
Естеріңізге сала кетейік, Дәулетмұрат Тәжімұратов қаңтар айының соңында Бұхарада 16 жылға бас бостандығынан айырылды.