Қамауда отырған Думан Мұхаметкәрім тағы аштық жариялады
Қайтадан тергеу изоляторына түскен журналист Думан Мұхаметкәрім тағы да аштық жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Еске салайық, Думан Мұхаметкәрім 20 наурызда Facebook желісінде жазба жариялап, 21 наурыз күні түстен кейін алаңға шығатынын мәлімдеп, өзгелерді де оған қосылуға шақырғаны үшін қамауға алынды. Қамауда отырғанда журналист аштық жариялады.
15 сәуірде ол қамаудан босатылып, халықты тағы да митингке шақыратынын мәлімдеді.
2 мамырда тағы 25 тәулікке қамауға алынды.
Бұдан бұрын адвокат Ғалым Нұрпейісов Әблязовпен сұхбаты үшін журналист жауапқа тартылуы мүмкін екенін айтқан.
26 мамырда босап шыққан Думан Мұхаметкәрім 28 мамырда қайта қамауға алынды. Оның үстінен ҚР ҚК 405-бабы («экстремистік ұйымның қызметіне қатысу және ұйымдастыру») бойынша қылмыстық іс қозғалуы мүмкін.
Бұдан бұрын Ішкі істер министрінің орынбасары Марат Қожаевтан Думан Мұхаметкәрімнің қайта-қайта қамалуына қатысты пікір білдірген болатын.