«Үш пәтер, бір үй, қымбат көлік»: Меруерт Түсіпбаева байлықтың өзіне қайдан келетінін айтты

0

Бірнеше пәтері мен үйі бар Меруерт Түсіпбаева тағы да баспаналы болғанын айтып мақтанды. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі Press.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Өзекті тақырыптарды жиі көтеретін әнші әлеуметтік желіде белсенді. Жиі саяхаттап, бірнеше пәтер мен үй алып үлгерген ол жалғыз ұлын шетелде оқытып жатыр. “Мұнша қомақты қаражатты қайдан аласыз?” деген сұраққа ол: “Аспаннан. Егер бір нәрсені қатты қаласаң Жаратқан саған көмектеседі. Алматыда үйім де, пәтерім де бар. Астанада пәтерім бар. Жақында тағы бір пәтер салып алдым, сән үйін аштым. Ұлым жаңа көлік алғанымды, Range Rover-мен жүргенімді қалайды. Қазіргі көлігім Toyota Land Cruiser Prado-ны 2018 жылы салоннан алғанымын. Өзіме ұнайды. Мен ақшаны ақылмен жұмсаймын”, – деп жауап берді.

Айта кетейік, Меруерт Түсіпбаева 17 жылдан бері ұлын жалғыз өзі тәрбиелеп келеді. Әнші рет тұрмыс құрған жоқ. Ол үшін ең бастысы — ұлының әл-ауқаты және оның материалдық жағдайының жақсы болуы. Өнер иесі сол үшін бәріне дайын екенін айтты.