Серік Күдебаев 10 жылға сотталды

0

Алматы облысы Полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаев 10 жылға сотталды. Ол жазасын қылмыстық атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтейтін болады, деп хабарлайды kznews.kz сайты. 

Үкімді Талдықорған қалалық сотының төрағасы Абдилла Умбетай шығарды.
Айта кетейік, Серік Күдебаевқа билік пен лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану және азаптау баптары бойынша айып тағылды.

Бірақ сотталушы тағылған айыппен келіспей, кінәсіз екенін жеткізді.

«Мен кінәлі емеспін. Тағылған айыппен келіспеймін. Халқыма оқ атпадым. Сот алдындағы процестерде жасаған әрекеттерімнің барлығы заңды екенін айтқанмын. Ешқандай азаптау болған жоқ. Жәбірленушілердің өздері оны жоққа шығарды»,- деді Серік Күдебаев соттағы соңғы сөзінде.