Ердоған инфаркт алды – БАҚ

0

Түркиядағы бұқаралық ақпарат құралдары 26 сәуірде Режеп Тайып Ердоғанды қолдауға арналған митингтің бәрі тоқтатылғанын, ал президенттің ауруханаға жатқызылғанын хабарлады.

AVAZTÜRK басылымының хабарлауынша, Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Ulke TV және 7-арнаға тікелей эфирде сұхбат беріп жатқан кезде жағдайы күрт нашарлап, миокард инфарктісін алған.

Қазір ол ауруханаға жатқызылған. Дәрігерлердің айтуынша, саясаткердің жағдайы қиын.

Еске сала кетсек, Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Ulke TV және 7-арнаға сұхбат беріп, президенттік және парламенттік сайлауалды бағдарламасын таныстырып жатқанда өзін нашар сезінген еді. Оның өзі тікелей эфирге 1,5 сағат кешігіп келіп, эфир басталғанда басы айналып, журналистің сұрағына жауап бере алмай, үзіліс сұрауды өтінген.