15 жастағы оқушы 4 жасар баланы көлікпен қағып өлтірді

0

Қайғылы оқиға Сарқан қаласының бір көшесінде болған, деп хабарлайды http://polisia.kz. 4 жасар бала Honda Odissey көлігінің астына түскен. Ол ауруханаға бара жатып қайтыс болды. Кейінірек белгілі болғандай, шетелдік көлікті 15 жастағы оқушы басқарған.

«Іс бойынша іс жүргізуді Сарқан ауданының полицейлері жүргізеді. Сотқа дейінгі тергеп — тексеру қажетті сараптамаларды тағайындаумен «абайсызда адамның өліміне әкеп соққан ЖҚЕ бұзу» бабы бойынша жүргізіледі», — делінген хабарламада.

Көлік арнайы автотұраққа қойылды. Полиция кәмелетке толмағандарға көлік басқармасын беруге қатаң тыйым салынғанын еске салады.