Қазақстандық әлем чемпионы Нора Джеруто допинг қолданды деген күдікке ілінді

0

Жүгіруден қазақстандық әлем чемионы Нора Джеруто допинг қолданды деген күдікке ілінді деп хабарлайды Kznews.kz ақпарат агенттігі. 

Стипль-чезден әлем чемпионы атанған Джеруто уақытша жарыстардан шеттетілді.

 

«Спортшы антидопинг ережелерін бұзып, тыйым салынған әдіс немесе субстанция қолданды деп күдіктеледі», — деп мәлімдеді Sports.ru басылымы.

Спортшы 2022 жылдан жастап Қазақстан атынан өнер көрсетеді. Былтыр Джеруто 3 000 метр қашықтықты кедергілермен жүгіріп өтіп, әлем чемпионатында алтын медаль жеңген еді. 

Нора Джерутоны жарыстан шеттету туралы шешімді жеңіл атлетикадағы теріс құбылыстармен күрес бойынша тәуелсіз орган қабылдады.