Баян Алагөзова сот арқылы продюсерден КешYOU тобына кешірім сұратты

0

Қазақстандық продюсер қамқорлығындағылармен болған жағымсыз сот ісі туралы айтты.

Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды.

Оның айтуынша, осыдан төрт ай бұрын бейнебаян түсіру алаңында атқарушы продюсер KeshYOU тобының қыздарына көпшілік алдында балағат сөздер айтқан.

«Түсірілім тобының алдында ол оларды «Ш…..и» деп атады. Мен бұл оқиға туралы екі айдан кейін білдім. Бірден адвокатымызға қоңырау шалып, тиісінше бірнеше күннің ішінде сотқа шағым түсірдім» деп жазды продюсер.

Ол бір күн бұрын ар-намыс пен жеке басты қорғау туралы талап бойынша соңғы сот отырысы өткенін атап өтті.

«Сандуғаш кешірім сұрап, өкінуі керек еді. Сонда мен не туралы айтып отырмын? Осылайша, мен оның болашақта ешқашан адамды қорлауға батылы бармайтынын анық білемін. Неліктен жаздым? Өйткені мұндай әрекеттер қоғамымызды бір-бірін сыйлауға үйретеді. Ешкімнің ешкімді ешқашан қорлауға, кемсітуге құқығы жоқ» — деп түйіндеді сөзін Баян Алагөзова.