«Екінші баланы дүниеге әкелгім келеді»: Мадина Сәдуақасова жан сырын ақтарды

0

Отандық әнші Мадина Сәдуақасова екінші сәбиді дүниеге әкелгісі келетінін айтты. Өнер иесі «MOM’sкий әңгіме» бағдарламасында екінші рет ана атану үшін барлығын жасап жатқанын мәлім етті, деп жазады Kznews.kz тілшісі.

«Босану туралы әйелдер айтып, көрсетіп жатады ғой. Блогерлер бар, басқалар бар, көрсетіп жатқанда, мен түсінбеймін. Босануды қазақтар «ұмытшақ ауру» дейді. Тура солай, баланы көргеннен кейін сен оны ертесіне ұмытып кетесің. Тоғыз жыл өтті, қазір сол туралы айтсақ, «Не болды мынаған» дейді. Шіркін, сол сезімдерді Алла маған тағы бұйыртса екен деген тілегім бар. Әрине, екінші баланы дүниеге әкелгім келеді. Сол екінші баланы дүниеге әкелу үшін барлығын жасап жатырмын. Қазір қандай мүмкіндіктер бар, барын жасап жатырмын. Өте қиын, оңай емес. Кейде «Неге босанбай жатырсың? Уақыт өтіп бара жатыр» деп сұрап жатады. Бұл ең жек көретін сұрағымның бірі. Менің ойымша, ол — бұйрық. Егер бұйырып тұрса, Алла Тағала маған сондай бақыт сыйласа, мен қуана қабылдаймын. Нешеуін береді, соншасын босанамын. Бірақ, әзірге ешқандай өзгеріс жоқ», — деді ағынан жарылған Мадина Сәдуақасова.