Гүлмира Сатыбалдыдан жәбірленуші 713 млн теңге талап етуде
Жәбірленуші Айгүл Мекешева Гүлмира Сатыбалдының ісі бойынша бас сот талқылауы барысында 713 млн теңгеден астам шығынды өтеуді сұрайтынын мәлімдеді.
«713 809 780 теңге, моральдық зиян – 50 млн теңге көлемінде материалдық зиянның орнын толтыруды сұраймын», — деді Айгүл Мекешева судья Кеменгер Имашевтің жолданған азаматтық талап туралы сұрағына жауап бере отырып.
Жәбірленуші бұл соманы тек Гүлмира Сатыбалдыдан немесе осы қылмыстық іс бойынша өтіп жатқан барлық сотталушылардан (күдіктілер Мәди Батыршаев пен Рашид Өтебеков) талап етеді.
Ақпарат: http://t.me/orda_kz
Фото: http://ulysmedia.kz