Тәжікстанда жер сілкінісі болды
Тәжікстанда жер сілкінісі болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жер сілкінісінің эпицентрі Тәжікстан аумағында Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 685 шақырым жерде орналасқан.
Сейсмологтардың айтуынша, жер асты дүмпулері Алматы уақыты бойынша сағат 06:01-де болған. Қазақстан аумағында ауытқулар сезілмеді.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы 10.7. MPV магнитудасы 4.8. Эпицентрдің координаттары 37.56° С. Е. 73.63° ш. б. Тереңдігі — 10 шақырым.