Инфляция индексі: үйдегі есепті базардағы баға бұзар...
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

“Азғыратын ақшақар”: Ақбота-Нұр Aбайқызының ашық образы жұрттың ашуын тудырды

“Азғыратын ақшақар”: Ақбота-Нұр Aбайқызының ашық образы жұрттың ашуын тудырды
Фото: әлеуметттік желіден

Танымал әнші әрі актриса Ақбота-Нұр Абайқызы Жаңа жыл қарсаңында Ақшақар бейнесінде фотосессия жасап, әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті, деп хабарлайды kznews.kz.

Өнер иесі түсірілім сәттерінен видеоны жеке парақшасына жүктеп, оқырмандарымен бөліскен. Кадрлар желіде кеңінен таралып, көпшіліктің назарын аударды.

Желі қолданушыларының пікірі екіге жарылды. Бірі әншінің образын қолдап, батыл стилін жоғары бағаласа, енді бірі бұл бейнені орынсыз деп санап, сын айтты.

Пікірлер арасында: «Сұлулықта шек жоқ», «Әдемі образ», «Киім біртіндеп ашық бола бастады», «Азғыратын Ақшақар болып бара жатыр», «Ерсі көрінеді», «Бұрынғы бейнесі ұнайтын» деген секілді жазбалар жиі кездеседі.

Осылайша Ақбота-Нұрдың жаңа образы желіде қызу пікірталас тудырып, көпшілік назарында қалды.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.