Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттығына үміткерлер сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді

0

«AMANAT» партиясының Павлодар облыстық филиалынан ҚР Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттығына кандидаттардың сайлау алдындағы үгіт-насихаты «Қазақстан алюминийі» АҚ мен «Қазақстандық электролиз зауыты» АҚ-да өтті.

Айта кетейік, «Қазақстан алюминийі» АҚ  партиялық ұйымы облыстың ірі «бастауыштарының» бірі болып табылады. «Қазақстан алюминийі» АҚ вице-президенті Олжас Рахметов Павлодар қаласының №22 бір мандатты сайлау округі бойынша кандидаттығына ұсынылды.

«Қазақстан алюминийі» АҚ агломерация цехының басшысы Виталий Голубенко «AMANAT» партиясының облыстық филиалының партиялық тізіміне енді.

Өңірлік штабтың басшысы, «AMANAT» партиясы Павлодар облыстық филиалының төрағасы Илья Теренченко және депутаттыққа кандидаттар кәсіпорын қызметкерлерімен кездесті.

Оларға «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы — бұл қоғамда қалыптасқан проблемаларды шешу жолдарын көрсететін нақты жоспар екендігі айтылды. Халықты толғандыратын проблемаларды талдап, жүйелеп, партия 10 негізгі бағыттан тұратын құжат әзірледі.

Оларға әр облыс пен қаланың демографиялық ерекшелігін, әлеуметтік және экономикалық ерекшеліктерін ескере отырып, оны іске асыру бойынша 14 жол картасы жасалғанын атап өтті. Сонымен қатар, бір мандатты округтер бойынша сайлауға қатысатын партияның әрбір кандидаты өзінің сайлауалды бағдарламаларын ұсынды.

Амантай Жарқынбек бір мандатты аумақтық сайлау округі бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат зауыт қызметкерлеріне өзінің сайлауалды бағдарламасы туралы айтып берді.

Ол халықтың әл-ауқаты мен өмір сапасын жақсаруы сияқты аспектілерді айтты. Қазақстан халқын тұрғын үймен қамтамасыз ету. Энергетика саласының мәселелері қозғалды. Ол энергия мәселелерін шешу сайлауалды бағдарламаның бір бағыты екенін атап өтті.

Дайындаған: «AMANAT» партиясы Павлодар облыстық филиалының баспасөз қызметі, Павлодар қаласы, Кривенко көшесі, 25А

Тапсырыс беруші: И.С. Теренченко

Павлодар облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді.