Теңізде мердігер компания жұмысшылары ереуілге шықты

0

Теңізде «Сенімді құрылыс» ЖШС мердігер компания қызметкерлері инфляцияға байланысты жалақыны көтеруді талап етіп ереуілге шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz ақпарат агенттігі Petrocouncil.kz Telegram арнасына сілтеме жасап.

Дереккөзге сүйенсек, ереуілшілер 500 мың теңгеден беруді талап етеді. Олардың хабарламасына сәйкес, Теңізшевройл компаниясы бұл соманы мердігер компанияның қызметкерлеріне төлеуі керек. Сондай-ақ олар инфляцияға байланысты жалақыны 20%-ға көтеруді және «Сенімді құрылыс» ЖШС қосалқы мердігерлерінің жалақысын көтеруді талап етеді.