Мәди Ахметов депутаттыққа үміткерлер тізіміне енбеді

0
“Аманат» партиясының съезінде партиялық тізімдер және бір мандатты аумақтық округтер бойынша сайланатын ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттардың есімдері анықталды. Тізімде ең жас депутат болып келген Мәди Ахметовтің есімі болмады, деп хабарлайды Kznews.kz сацты Stan.kz ақпарат агенттігі.

Мәди Ахметов бұған дейін Алматыда Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткішін орнатуға ұсыныс жасап, кейін қаңтар оқиғасынан кейін оның өкілеттіктерін қысқартуға, сондай-ақ «ҚР-ның Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» Конституциялық заңының күшін жоюға дауыс берген еді. 

Еске салсақ, бұған дейін қазақстандықтар Қорғаныс министрінен ең жас Мәжіліс депутаты Мәди Ахметовті әскерге шақыртуды талап етіп, петиция жариялаған еді.

фото: almaty.tv