Қызылорда облысын су басу қаупі жоғары

0

ТЖ алдын алу және жою жөніндегі облыстық комиссия Сырдария өзеніндегі жағдайға және ауа райының күрт өзгеруіне байланысты отырыс өткізді.

Алдағы күндері өңірде Сырдария өзенінде жылыну және су деңгейінің көтерілуі күтілуде. ТЖД су тасқынының алдын алу және жою мақсатында 28 бірлік жоғары өнімді су сорғы жабдығы, 12 бірлік моторлы қайық, 37 мотопомпалар және 127 қызметкер, облыстың су шаруашылығы объектілерін биіктіктен бақылауға арналған тікұшақ дайындалды.

Су тасқыны шиеленіскен жағдайда ТЖД Дағдарыс орталығында төтенше жағдайларды жою және жедел штабтардың жұмысы үшін тиісті аумақтық жедел топтарды қалыптастыру құрылды, — деп хабарлайды ТЖ өңірлік департаменті.

Фото: titus.kz