Бес жасар бала бассейнге батып кетті
Оқиға 29 қаңтарда орын алған. Жедел медициналық қызметтің балалар бассейнінде 2018 жылы туған баланың суға батып кеткені туралы хабарламасы Шымкент ТЖД дағдарыстық жағдайларды басқаруға сағат 17:25-те келіп түсті. Оқиға Тұран ауданының 8 шағын ауданында фитнес-клубтардың бірінде болған.
«Тереңдігі 120 сантиметр, ені бес метр болатын балалар бассейнінде шомылу кезінде баланың суға батып кеткені анықталды», — деп хабарлады Шымкент ТЖД.
Полицияның айтуынша, оқиға ата-анасы баланы қараусыз қалдырғандықтан болған.
Фото: Википедия
Ақпарат: http://t.me/orda_kz