Ақтауда мас жігіт банк клиенттерін пышақпен қорқытқан (ВИДЕО)
Ақтау қаласында банк бөлімшесінде адамдарды пышақпен қорқытқан ер адам қамауға алынды.
Әлеуметтік желіде 16 қаңтарда болған оқиғаның видеосы тарады. Ер адам қалтасынан пышақ алып шығып, банк клиенттерін қорқытқан. Бөлімшеге кірген жігітті пышағымен тоқтатып жатқанда екі ер адам оны жерге құлатқан. Артынан банктің күзетшісі де жетіп келді.
Полиция 43 жастағы ер адамның қамауға алынғанын және банкке кіргенде мас болғанын растады. Қазір оның үстінен қарақшылық шабуыл бойынша қылмыстық іс қозғалып отыр.