“Офицерге несие алған”: Құмды дауыл кезінде көз жұмған деген сарбаздың өліміне қатысты деректер табылды
9 тамыз күні Алматыдағы «Ұлттық ұланның» 5571 әскери бөлімнің 19 жасар сарбазы Алмас Шахимовтың өліміне қатысты деректер табылды. Жас сарбаздың әскер қатарында жүрген кезінде офицеріне өзінің атынан несие алғаны белгілі болды. Бұл туралы “Koremiz” бағдарламасында жарияланды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Айта кетейік, әскери қызметкерлер сарбаздың полигон дайындығы кезінде құмды дауылдың салдарынан қаза тапқанын хабарлаған болатын. Алайда медициналық тексерістің нәтижесінде марқұмның денесінен 3 пышақ және 23 дене жарақаты анықталған.
«Бүгін «Ұлттық ұланның» Алматы қаласындағы бөлімшесінің былығы ашылайын деп тұр. Алмас Шахимов 19 жасар сарбаз сол жерде отан алдындағы борышын өтейді. Бірақ, 4 ақ ай. 4 айдан кейін үйіне осында суыт хабар келеді. Белгілі болған тың дерек Алмас Шахимов сарбаз болып жүрген кезінде, әскер қатарында жүрген кезінде офицері Алмастың атынан несие алады», — деді бағдарлама жүргізушісі, журналист Руслан Өтепбай.