Қырғызстанда алдағы жылды «Балалар жылы» деп атау ұсынылып жатыр

0
13 Желтоқсан 2018, 10:37 59 0

Астана, BAQ.KZ. 2019 жыл Қырғыз елінде «Балалар жылы» деп жариялануы мүмкін. Себебі елдегі 50-ден астам Үкіметтік емес ұйымдар президент Сооронбай Жээнбековке осындай ұсыныс жасады.

Бүгін ҮЕҰ өкілдері Бішкекте бас қосып, баспасөз мәсілихатын өткізбекші.

Азаттықтың қырғыз редакциясының жазуына қарағанда, осыдан бір ай бұрын ел президенті Сооронбай Жээнбеков «Балалардың құқығын қорғау лигасының» директоры Назгүл Турдубекованы қабылдап, балалар үйлерін және интернат негізіндегі мекемелердің жүйесін реформалауды талқылаған болатын.

Ал Қырғызстан республикасының Ұлттық статистика комитетінің мәліметіне қарағанда, Қырғызстанда 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер саны 2,3 млн-ға жуық. Олардың 51% ұлдар болса, 49% қыз балалар. Балалардың 69% ауылда тұрады.

Бүгінгі таңда Қырғызстандағы интернаттарда 11,5 мың бала тәрбиеленіп жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялауды ұсынып, Қаулы қабылдаған болатын.














Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Дереккөз: BAQ.KZ