"Ұлттық қор – балаларға": әр балаға 130,71 доллар аударылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

«Жыртқыш аң да бұлай жасамайды»: Шымкентте бұрынғы күйеуі әйелін бауыздамақ болған

«Жыртқыш аң да бұлай жасамайды»: Шымкентте бұрынғы күйеуі әйелін бауыздамақ болған
Фото: Pixabay

Оқиғаны қоғамға адвокат Жанна Оразбақова жария етті. Ол Instagram парақшасында бұл сұмдық жағдай жайлы мәліметтермен бөлісті.

Оразбақованың айтуынша, ер адам бұрынғы әйелін ұзақ уақыт аңдып жүріп, күтпеген жерден шабуыл жасаған. Салдарынан әйел ауыр жарақат алып, қазір жүре алмайтын жағдайға түскен. Абырой болғанда, тірі қалған.

«Мұндай жауыздықты қалай түсінуге болады? Жыртқыш аңның өзі серігіне мұндай қатыгездік жасамайды. Бұл адамның басында не бар өзі?» – деп ашынды адвокат.

Сондай-ақ, Оразбақова күдікті ұсталар сәтте өз тамырын кесуге әрекеттенгенін, бірақ тірі қалғанын атап өтті. Енді ол заң алдында жауап береді.

Қалалық полиция департаменті бұл жайтқа байланысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.