Қазақстандық банктердің бірі  клиенттер туралы ақпаратты жасырын жинаған

0

Ұлттық реттеуші қазақстандық банктердің бірі  клиенттер туралы ақпаратты жасырын жинағанын мойындады.  Несиелік есептер түсініксіз мақсаттарда пайдаланылған. Бұл туралы Светлана Британова www.caravan.kz сайтында жариялаған хатында баяндап берді.

Банк клиенттері жайлы барлық ақпараттарды тұрғылықты жері, телефоны, куәлік көшірмесі, қолтаңба үлгісі, ЖСН-ді иемденген. Алайда олар «Неліктен менің жеке ақпараттарымды жинақтадыңыздар?» деген сұраққа жауап бермеген. Тек «несиелік қабілеттерді тексердік» деп қысқа жауап қайтарған.

Несие бюросына жеке тұлғаның келісімінсіз банктерге несие есептерін беруге бола ма? Бұл құқықты оларға ешкім бермеген болып шықты. «…Кредиттік бюро кредиттік тарих субъектісінің келісімін алғаны туралы растау болған кезде кредиттік есептерді ұсынуға міндетті» («кредиттік бюро туралы» ҚР Заңының 17-бабы). Бұл ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің сұрауына берген жауабынан үзінді.

Банктің кредиттік есепті сұратуға құқығы бір ғана жағдайда болған, ол — клиент жеке кәсіпкерлерге және төлем карточкаларына шоттар ашқан кезде.

«ҚР Агенттігінің қаржы қызметтерін тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті бұл ретте құқық бұзушылық белгілерін байқаған», — делінген хабарламада.

Сондықтан әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 208 – бабының 2-1-бөлігінде көзделген жауапкершілікке сәйкес екі жүз АЕК мөлшерінде айыппұл салынбақ.

Толық хат нұсқасы: https://www.caravan.kz/gazeta/kazakhstanskijj-bank-nezakonno-sobiral-vtajjne-ot-klientov-informaciyu-na-nikh-chto-proiskhodit-866656/