Ауғанстанда АҚШ әскерінен қалған қару-жарақ 85 миллиард долларға бағаланды
Ресейдің әскери-техникалық ынтымақтастық федералды қызметінің (FSWTS) директоры Дмитрий Шугаев америкалықтардың Ауғанстанда қалдырған қарулары 85 миллиард долларға бағалануы мүмкін деп мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Звезда» телеарнасына сілтеме жасап.
Дмитрий Шугаев америкалық әскердің Ауғанстаннан асығыс ұшуы АҚШ-қа көп шығын келтірді деп бағалайды.
«Шынына келсек, 85 миллиард доллар деген өте көп қаржы. 22 мың бронетехника, 358 мың автомат, 176 артиллериялық қондырғы, 8 мың жүк көлігі, көлік ұшақтары, жүзден астам қаруланған тікұшақ. Бұл сандарды естудің өзі қорқынышты. Америкалық әскер уақыт сынағына төтеп бере алмады», — деді Шугаев.