Хоккейші қарсыласының жоғалтқан тісін тауып берді
Ұлттық хоккей лигасында «Нью-Йорк Айлендерс» клубының канадалық қорғаушысы қарсыласының тісін қайтарып берді.
Фото: Zimbio
15:49 30.11.2018
Осы оқиғаның видеосын журналист Брэди Троттенеро Twitter желісіндегі парақшасында жариялады. Джонни Бойчак «Бостон Брюинс» командасында өнер көрсететін қарсыласының тісін қайтарып берді.
«Брюинс» сапында өнер көрсететін чехиялық сұрмерген Давид Крейчи ойын барысында «Айлендерс» қорғаушысы Тамас Хикимен соқтығысып, бір тісінен қағылды. Бойчак мұз үстінде жатқан тісті алып, қарсыластары отырған бұрышқа барып, тісті иесіне қайтарып берді. Ойын 2:1 есебімен «Брюинс» пайдасына шешілді.
34 жастағы Бойчак 2008-2014 жылдары аралығында «Брюинс» командасының намысын қорғаған. Крейчи болса бостондық клубта 2006 жылдан бері өнер көрсетіп келеді.
Дереккөз: vesti.kz