Павлодар облысының мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы 17 жыл бойы сотталғандығын жасырып келген — новости Казахстана

0

Павлодар облысының мемлекеттік кірістер департаментінің жедел-іздестіру қызметі басқармасының бұрынғы басшысы Серік Елгезеков 17 жыл бұрын жалған ақша тарату мен алаяқтық үшін сотталғандығын жасырғандықтан, мемлекеттік қызметінен босатылған. Бұл шешіммен келіспеген Елгезеков сотқа жүгінген. Сот шешімі Жоғары соттың сот кабинетінде жарияланған деп хабарлайды NUR.KZ.

today.kz

Көрнекі фото:today.kz

Талап арызында Серік Елгезеков соттан өзін бұрынғы қызметіне қайтаруды және мәжбүрлі түрде жұмысқа келмеген мерзімдегі жалақысын өтеуді талап еткен.

Сот актісіне сәйкес ағымдағы жылдың мамыр айында тәртіптік комиссия ер адамның қылмыстық жауапкершілікке тартылғандығын анықтап, оны Павлодар облысының мемлекеттік кірістер департаментінен шығарып жіберген.

Шенеунікке 1996 жылы жалған ақша тарату мен алаяқтықпен айналысқаны үшін айыптау үкімі шығарылып, ол екі жылға сотталғандығы анықталған.

Алайда мемлекеттік қызметке орналасқанда Елгезеков бұл ақпаратты жасырып қалған. Жұмықа орналасқан кезде сотталу мерзімі өтелгендіктен. оның таныс заңгерлері жұмысқа алушыға бұл ақпаратты айтпауға кеңес берген екен.

Сонымен қатар бұрынғы шенеунік құқықтық статистика комитетінен сотталмағаны туралы анықтама алғанын да алға тартқан.

Мұндай түсініктемелер тәртіптік комиссияны да, сотты да көндіре алмаған. Сот арызданушының талап арызын қанағаттандырмау туралы шешім шығарды. Апелляциялық алқа бұрын шығарылған үкіммен келісті.