білім күні сценарий, білім күніне арналған тақпақтар, алғашқы қоңырау

0

1 қыркүйек білім күніне арналған сценарий
Жүргізуші:
Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен қадірменді ата — аналар!
Армысыздар ардақты, мектеп оқушылары мен балауса балдырғандар! Биылғы 2018 — 2019 жаңа оқу жылының басты мерекесі кішкентай бүлдіршіндеріміздің бірінші сыныпқа қадам басуы. Ендеше, «Алғашқы қоңырау» атты салтанатты жиынымызға қош келдіңіздер!
Мектеп деген білім күні, жыр күні,
Мектеп деген ғылымның ең үлкені.
Мектеп деген тәрбиеші адамға,
Мектеп деген даналардың мекені.
Құрметті ұстаздар, қонақтар, ата — аналар, аяулы оқушылар! Бүгінгі сағынышқа, шаттыққа толы «Алғашқы қоңырау» мерекелеріңіз құтты болсын! Ендеше барлығымыз да сағынышпен күткен “Алғашқы қоңырау” атты білім күніне арналған мерекелік шарамызды ашық деп жариялаймыз.
Шуақты қыркүйек айының алғашқы күні барша оқушы қауым алтын ұя мектебіне қайта оралып, мектеп табалдырығын алғаш аттаған балдырғандармен бірге сыңғырлаған қоңырау үнімен табысып отыр.
Құрметті ұстаздар, қонақтар, ата — аналар, аяулы оқушылар! Бүгінгі сағынышқа, шаттыққа толы «Алғашқы қоңырау» мерекелеріңіз баршаларыңызға құтты болсын!
Көк тудың желбірегені
Сап түзел, тік тұр. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы ресми түрде енгізілсін.
Сап түзел, тік тұр. Қазақстан Республикасының мемлекеттік гимні орындалсын
Жүргізуші:
Бүгін біздің қуанышымызға ортақтасу үшін мерекемізге келген құрметті қонақтармен таныс болыңыздар:
1. ________________________________________________________________
2. ________________________________________________________________
3. ________________________________________________________________
Жүргізуші:
Жан шуағы, күн шуағы арай ма,
Ұстаз деген әулиедей талайға
Басын иіп өткен жоқ па біз түгіл,
Әл — Фараби, Омар, ғалым Абай да.
«Алғашқы қоңырау» мерекесін салтанатты түрде ашу үшін алғашқы сөз кезегі мектеп директоры Қуанышев Айболатқа беріледі.
Жүргізуші:
Біреулер енші ап өмірден,
Аттанбақ болса асып қыр
Біреулер балғын көңілмен
Алғашқы қадам басып тұр
Сондықтан да назарды,
Солар жаққа бұрайық
Балдырғандарды базарлы
Қарсы алып, қол ұрайық – дей келе, бүгінгі мектеп табалдырығын аттағалы отырған 1 — сынып оқушыларына сәтті қадам, таудай талап тілейміз.
Халқымыз “Ата — баба дәстүрі — асыл мұра” дегендей “Бала — бауыр етім” деп баласы шыр етіп дүниеге келгеннен бастап, әрбір қадамына қуанып, шілдехана, бесік той, тұсау кесер, ашамайға отырғызу сияқты тойларын жасаған. Ал бүгінгі тойымыз бүлдіршіндердің 6 — ға толып, 1 — сыныпқа қабылданып,“Алғашқы қоңырау мерекесіне қатысу сәті.
Бұл той — баланың бал дәурен шағымен қоштасып, білімге талпынған қадамы.
Ендеше, бірінші сынып оқушыларын құрмет – қошаметпен қарсы алайық!
Бірінші сыныптың сынып жетекшісі:
Измағанбетова Эльмара Ерболатқызы
Нармағанбет Жасұлан Айбекұлы
Ануарқызы Қарақат
Амангелді Асыл Нұрлыбекқызы
Сайлауғали Ажар Нұрболатқызы
Жүргізуші:
Ортаға 1 — сыныпқа қадам тастаған бүлдіршіндер келеді,
Жүрек жарды тақпақтарын сіздерге айтып береді.
Жасұлан:
Биыл мен де мектепке
Біріншіге барамын.
Мақтанбаймын мен текке,
Дайын дәптер, қаламым.
Қарақат:
Мектепке енді барамыз,
Біз оқушы боламыз.
Жақсы оқып сабақты,
Кілең бестік аламыз.
Асыл:
Өсті міне бойымыз,
Өсті міне ойымыз.
Қуанышқа ортақпыз,
Құтты болсын тойымыз.
Ажар:
Мектеп – қамқор анамыз
Оқып білім аламыз,
Өнерпаз боп өсетін
Біз оқушы боламыз!
Ән: «Мектебім»
Жүргізуші:
Құшақ жая қай жерде де қарсы алар,
Абзал жан бар, биік тұлға байсалды.
Қуаныш пен салтанатты шақтарда
Қонақтар да ақ тілегін ақтарар — сөз кезегі қадірменді қонақтарда.
( қонақтарға сөз беріледі)
Жүргізуші:
Жүрегі нұр, өмірі гүл ұстаздың,
Сондықтан да ұстазыңа ұқсағың.
Адам жанын тәрбиелеп аялар,
Құрметті ғой әрбір ісі ұстаздың – дей келе, сөз кезегін 1 — сыныпқа шәкірттерін қабылдап отырған ұстазға береміз. Құрметпен ортаға 1 сыныптың мұғалімі Серикова Гүлнар апайды шақырамыз.
Жүргізуші:
Қол жеткізген аңсаған арманына.
Жақсы шәкірт Азамат атанады,
Халқынан, ата — анадан бата алады.
Ұрпағына айтсын деп ақ тілегін,
Ортаға шақырайық ата — ананы — сөз кезегін балапандарын ертіп келген құрметті ата — аналарымызға береміз. Ортаға 1 сыныптарының ата — анасы __________________________________________________ ортаға шақырамыз.
Жүргізуші:
Бүлдіршіндер ертеңгі ел мамандары,
Құтты болсын алғашқы қадамдары!
Құтты болсын басталған оқу жылы,
Құтты болсын, болашақ баспалдағы! – дей келе. Келесі сөз жоғарғы сынып оқушыларына беріледі.
Асхат:
Дамыған елу елдің қатарында,
Қазақстан ерекше аталуда,
«Рухани жаңғыру» — мен қазақ елі
Гүлденіп күннен күнге жақсаруда.
Бір мүдде, бір болашақ, бір мақсатқа,
Елбасы бастап берген саясатқа,
Ден қойып ұмтылыспен күш саламыз
Жеңіске жету үшін болашақта
1 қыркүйек білім күніне арналған сценарий. жүктеу​​​

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!