Йемендегі қақтығыста ондаған адам мерт болды

0

Йеменнің оңтүстігіндегі портты Аден қаласында соң бірнеше күн бойы жалғасқан қақтығыс кезінде кем дегенде 40 адам қаза тауып, 260-қа тарта адам жараланған. Бұл туралы БҰҰ хабарлады. Associated Press агенттігі дереккөздеріне сілтеп, 70 адамның мерт болғанын жазды.

Адендегі қақтығыс қаланың басым бөлігін Оңтүстік өтпелі кеңес аталатын қарулы сепаратистер тобы басып алғанда, 8 тамыз күні басталған. Олар Йеменнің оңтүстік аудандарын ел аймағынан бөліп алғысы келеді.

Аден — халықаралық қауымдастық мойындаған Йемен үкіметінің уақытша резиденциясы. Ел астанасы Сана Иран қолдайтын қарулы хусит содырларының бақылауында. Сауд Арабиясы мен оның одақтастары қолдайтын үкімет әскері мен сепаратистер арасында соғыс бірнеше жылдан бері жалғасып келеді. Оңтүстік сепаратистері әуелде үкімет әскерін қолдаған.

Сауд күштері жексенбі күні сепартистердің Адендегі позицияларына шабуыл жасап, «басып алған жерлерінен кетпесе, бұдан ірі соққы жасайтынын» айтқан.

Azattyq