Қазақстан командалық есепте үшінші орынға көтерілді

0

Бүгін Алматыда өтіп жатқан XXVIII қысқы Универсиада ойындарының екінші жарыс күні өз мәресіне жетті. Қазақстан жалпы командалық есепте екінші орынға көтерілді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Қазақстан құрамасының қоржынында қазіргі кезде 8 медаль бар. Оның екеуі алтын, екеуі күміс, төртеуі қола. Ал командалық есепте бірінші орынды әзірге Ресей бермей тұр. Солтүстік көршілерімізде 17 медаль еншілеп үлгерді. Үздік үштікті Қытай қорытындылады. Олар 5 медаль жеңіп алған (2,1,2).

Бүгін Қазақстан құрамасы сапынан биатлоншы Алина Райкова, фристайлдан командалық сайыста Жанбота Алдабергенова мен Бағлан Іңкәрбек бас жүлдеге қол жеткізген болатын. Сондай-ақ шаңғышы Галина Вишневская күміс, Анна Шевченко мен Екатерина Айдова қола жүлдегер атанды.

Айта кетейік, кеше Қазақстан алғашқы жарыс күнін бесінші орынмен аяқтаған еді. Бүгін бірден үш сатыға көтерілді.

Бек ТӨЛЕУОВ