Оразада тіс пастасын қолданса бола ма?
Ораза ұстаған адам ауызын тазалауын болады. Тіпті Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Аузы берік кісінің тіс тазалағышы ол – мисуак», [16] — деген. Десе де, шариғатта аузы берік кезде себепсіз бір нәрсенің дәмін тату не шайнау- мәкрүһ, яғни ұнамсыз іс [17]. Бұған байланысты кей ғалымдар тіс пастасын қолданарда ішке кетіп қалмауын қадағалағанмен, оның дәмі, бәрібір, ауыз қуысында ұзаққа сақталып қалады. Сондықтан ораза ұстаған адамға тіс пастасы да мәкрүһ деген пікірде [18]. Алайда «оны қолдануға рұқсат. Тек ішке кетіп қалмауына көңіл бөлсін» деген ғалымдар да жоқ емес [19]. Ендеше, ішке кетіп қалу ықтималдығы болғандықтан, ауызы берік кезде тіс пастасын қолданбаған абзал. Ал, қолданғысы келген кісілер, ішке кетіп қалмау жағын қатаң ескергені жөн. Себебі, ол ішке кетіп қалса, оразаны бұзады.