Қордайдағы қақтығысқа байланысты 53 адам сотталып жатыр: 13 — дүнген, 22 — қазақ

1

Адвокат Абзал Құспан Қордайдағы қақтығысқа байланысты сотталып жатқандар туралы тың ақпарат бөлісті. Темір торда қамауда отырғандардың көбісі қазақ азаматтары болып шықты.

«Қордайдағы қазақ-дүнген қақтығысы нәтижесінде Таразда сот процесі басталғаны белгілі. Осы іс бойынша 51-жігіт сотталушылар қатарында. Олардың 33-і түрмеде отыр. Қалған 18-жігіт үйлерінен қатынап сотқа келіп жүр. 51-жігіттің 13-і дүнгендер. Олардың 11-і қамауда отыр. Екеуі үйлерінен қатынап келіп жүр. Қазақ жігіттердің 22-сі түрмеде отыр. Қалған 16-жігіт үйлерінен қатынап жүр (Құрал Сейітханұлы).
Осылардан бөлек, Алматы СИЗО-сында әзірге “белгісіз жағдайда” Кибаев Бекбол есімді азаматымыз көз жұмған болатын. Міне сол, қақтығыста емес, тергеу изоляторында қамауда жатып қайтыс болған азаматтың құқығын қорғауды Рысбек Сәрсенбай, Балташ Тұрсынбаев, Еркін Рақышев сияқты ел ағалары маған тапсырған еді.

Суретте Марқұм Бекбол Кибаев. Видеода баласын жоқтап отырған, анасы Каламкүл апай. Жалғасы бар…» деп жазды адвокат.