Екі жұлдыз — Сценарилер — Bilim

0

Екі жұлдыз

Тақырыбы: «Әрбір шәкірт- бір жұлдыз» тақырыбында өтетін «Екі жұлдыз» ән байқауы

Мақсаты: Дарынды балаларды анықтап, шығармашылық қолдау көрсету, әншілік қасиеттерін, өнерге деген құштарлығын ояту. Ата-ана, оқушы, тәрбиеші арасында тығыз байланыс орнату.

Міндеті: Балаларды көркемдік – әсемдік, адамгершілік — рухани бағытта тәрбиелеу.

Байқаудың талаптары: Байқауға қатысушы жұп бір оқушы мен бір тәрбиеші немесе ата-анадан тұруы керек; Әр жұп көріністелген ән орындау керек;

Байқаудың бағалау негіздері






Бағалау өлшемдері

№1

№2

№3

№4

№5

№6

1

Сырт келбеті, киім кию үлгісі

 

 

 

 

 

 

2

Актерлік шеберлігі

 

 

 

 

 

 

3

Әнді орындау шеберлігі

 

 

 

 

 

 

4

Қорытынды баға

 

 

 

 

 

 

 

 

(Фанфар ойналады,жүргізушілер ортаға шығады

 І жүргізуші: Қайырлы кеш құрметті ән сүйер қауым!

ІІ жүргізуші: Кеш жарық «Екі жұлдыз» байқауын тамашалауға келген көрермен!

1-жүргізуші: Біз бүгінгі сайыста ата-аналармен,тәрбиешілермен балалардың жұптасып  ән айтуларын тамашалайтын боламыз және оза шапқан жарық жұлдыздарды сіздермен бірге анықтайтын боламыз. Өздеріңізге ұнаған жұптарыңызға қолдау көрсетіп, қошеметтеп отырыңыздар. Әр жұп жарық жұлдыз болуға лайық,олай болса шын жүйрікті бірге анықтайық.

2-жүргізуші: «…Әнді сүйсең менше сүй»-деп Абай атамыз айтқандай,

Сұңқылдаған көмейі

Сыбызғының үніндей.

Қалықтатып созғаны,

Сарыарқаның беліндей.

Барша «Мирас» қауымын

Әнімен залға сыйғызған- «Екі жұлдыз» байқауына қатысушы жұптарды ортаға шақырайық!

 (Музыка әуенімен байқауға қатысушы жұптар ортаға шығады)

            

Жалмұратов Азамат және тәрбиеші Нұрлыбекова Гүлжанат Бауыржановна

Зұпаров Дархан және Сексенбаева Дариға

Нағметулла Темірлан және тәрбиеші Камидоллина Перизат Ерболатовна

Аронов Бекжан және Мақсатқызы Ақбота

Аблай Мербек пен Заида Сабитовна

 Төлеуов Мұхамеджан мен  Сыдықова Аяжанды ду қол шапалақпен қарсы алайық!!!

2-жүргізуші:Құрметті көрермендер жұптарымызбен танысып болсақ,бүгінгі сайыста төрелік ететін әділ қазылар алқасымен таныстырып өтсек

1.Қазақ ұлт –аспатар оркестрі жетекшісі Мұхамбет Сағын Қалжанұлы

2. Ата-ана Туксабаева Сара Егизбаевна

3.Биология пәнінің мұғалімі Гулнар Жалғасовна

 

1-жүргізуші: Орындаушы жұптармен таныс болсақ,біз алғашқы жұпты шақырғанша байқауға қатысушы сайыскерлерімізді қошеметпен өз кезектері келгенше шығарып салайық.

 

2-жүргізуші:  Бүгінгі екі жұлдыз ән байқауының алғашқы жұбын таныстырып өтейін . Алғырлығымен балаларды үйіре білген, қоғамдық жұмыстарға тағы үлгерген Жалмұратов Азамат пен әнге жаны құмар  әсем де көркем тәрбиеші Гулжанат Бауыржановнаны «Балдәурен» әнімен қарсы алайық!

 «Балдәурен» әні

                

1 – жүргізуші: Құрметті қазылар алқасы жаңа ғана өздеріңіз алғашқы жұбымыздың өнерін тамашаладыңыздар. Сөз кезегі сіздерде, айтар пікірлеріңіз қандай?

(Қатысушы жұпқа сұрақтар жүргізуші тарапынан)

2 – жүргізуші: Салтанатты сәні бар, адамдық қасиеттердің бойында бәрі бар, ұстаздарды құрметтей білетін, қоғамдық істерде белсеніп  жүретін  12 класс оқушысы Нағметулла Темирлан мен  өнебойы келбетіне сай түскен, қашпайтұғын тапсырылған бар істен, ренжімей күлімдейтін, ашуы еш білінбейтін, ұжымдастарының  көңілін жақсы істермен тарта алатын,  атқарар ісіне жанын салатын  тәрбиеші  Перизат Ербулатовнаны «Бір үйдің баласындай»  әнімен ортаға құрметпен шақырамыз.

           

 1– жүргізуші: Әнді керемет орындап шыққан сияқты, бірақ оны әділқазылар қалай бағалар екен. Сөз кезегі әділқазылар алқасы сіздерде.

(Қатысушы жұпқа сұрақтар жүргізуші тарапынан)

2 – жүргізуші:  Қазақи қалып бойында мүсінделген, тіл табыса білетін кісіңменен, асықпай қадам тастап  жүретін,сүйкімді де инабатты 12 класс оқушысы  Қуанышбай Әсем  мен  өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын, баршаға әрқашан мейірімді дос болуға жарайтын,  қалаған ісіне шын беріле істей білетін, үлкен мен кішіні бірдей сыйлап жүретін тәрбиеші Заида Сабитовнаны «Ақжайнақ» әнімен сахна төріне ду қол шапалақпен ортаға шақырайық.

            

(Қатысушы жұпқа сұрақтар жүргізуші тарапынан)

1– жүргізуші: Ойлаған ойы мен сұңғақ бойында бір міні жоқ,  асықпай қадам басатын, үн-түнсіз қырдан асатын, иман жүзді, ниеті ізгі 9 класс оқушысы Зұпаров Дархан  мен мөлдір шықтай жаудыраған жанары, таудай болған ниеті мен талабы, достарымның сенімін ақтай аламын, бүгінгі сайысқа бар күшімді саламын деп келген 9 класс оқушысы Сексенбаева Дариғаны «Hallelujah» әнімен сахна төріне құрметпен, қошеметтеп шақыралық. 

 (Қатысушы жұпқа сұрақтар жүргізуші тарапынан)

2 – жүргізуші: Дархан мен Дариғаның өнерін әділқазылар қалай бағалар екен? Қазылар не айтасыздар?

 

           

1- жүргізуші: Айтқан сөзі шынайы, мінезі сыпайы, сөзі алтын, көңілі жарқын, өз ісіне ұқыптылықпен бойлаған, қоғамдық істерге талпынған,   айтқан тапсырманы тындыратын ұдайы 9 класс оқушысы Аронов Бекжан мен  ісіне сөзі сай, ішкі дүниесі керемет бай, әдемі киім киісі, сыпайы жүріс-тұрысы, артық бір сөзі жоқ, бірақ атқарған ісіне тәрбиешілердің  көңілі тоқ 9 класс оқушысы Мақсатқызы Ақботаны «Егіз-лебіз» әнімен қарсы алайық!

         

              (Қатысушы жұпқа сұрақтар жүргізуші тарапынан)

2-жүргізуші: Жан-жақты, достарына мейірімді, таудай талабы,әншілік өнері бар 9 класс оқушысы Сыдықова Аяжан мен гитараны өзіне серік еткен 12 класс оқушысы Төлеуов Мұхамбетжанды ду қол шапалақпен қарсы алайық!

               

(Қатысушы жұпқа сұрақтар жүргізуші тарапынан)

1-жүргізуші:  Осымен қатысып отырған 6 жұбымыз таңдаған әндерін орындап шықты. Келесі кезек әділ – қазылар мен құрметті көрермен қауым, ендігі дауыс беру құқығы өздеріңізде. 6 жұпқа арналған жәшікке  таратылған қағаздармен өздеріңіз қалаған жұпқа дауыс беріңіздер. .Әділқазылар дайын болғанша оқушылардың өнерін тамашалайы

Екі жұлдыз кешінің Осыдәрежеде өтуіне өз үлестері қосқан 12 класс оқушыларының ата-аналарына ризашылығымызды білдіре отырып келесі шырқалар ән барша ата-аналар қауымына арналады.

«Жас қалам»» әні Орындайтын жатақхана квартеті

            

2 – Жүргізуші: Әділқазылар қорытындылап,көрермендер өз дауыстарын беріп болса бүгінгі жұлдызды кешіміздің жеңімпаздарын анықтау үшін сахна төріне қошеметтеп әділ қазылар алқасын шақырамыз.Марапаттау кезеңі

                 
1 — Жүргізуші:

Достық жасасыншы мәңгілік

Достықты жүрейік тек ән қылып

Татулық пен достық біздің Отанды

Жарастырсын бейбітшілік сән құрып

2-жүргізуші:Осымен бүгінгі «Екі жұлдыз» ән байқауы өз мәресіне жеті,келесі кездескенше қош сау болыңыздар!Құрметті қатысушылар «Екі жұлдыз» гимнін бәріміз бірге шырқайық!