Шикізат шырмауынан шығуға жанталас: агроөнеркәсіп кешенінің дамуына не кедергі?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

«Несиесін бүгін жаптым»: Ерке Есмаханның қарайып кететін алтыны тағы да дауға айналды

«Несиесін бүгін жаптым»: Ерке Есмаханның қарайып кететін алтыны тағы да дауға айналды

Былтыр дәл осы уақытта, Жаңа жыл қарсаңында әнші Ерке Есмахан өзі ойлап тапқан алтын жалатылған сотуарларын сатылымға шығарған еді. Арада бір ай өтпей жатып тұтынушылар 50 мың теңгеге алған бұйымдары қарайып кеткенін айтып, шағым білдіре бастаған болатын. Алтын сотуардың жыры биыл да Жаңа жыл қарсаңында жалғасты, деп хабарлайды kznews.kz Azattyq-ruhy.kz сайтына сілтеме жасап.

Жұлдыз Қиссат есімді мобилограф өзінің әлеуметтік желісінде кезінде 50 мың теңгеге алтын деп алған сотуарының қарайып кеткен видеосын жүктеген.

«Күлгін алтын дегені ойыншықтардың арасында жатыр. Кезінде Ерке Есмаханнан сотуар алып, қадалып қалғандар нешеуміз?», - деп әзіл-шыны аралас видео жүктеген.

Осы видео Қазнетте жарты миллионнан астам қаралым жинап, қыз-келіншектер мұңын шаққан.

«Мен де сеніп алып едім, қарайып кетті. Мен алған соң, сапасына көңілім толмай, ақшамды кері талап еттім. Бірінші рет қайтарғысы келмей, кейін қайтарды. Мен осы бұйымды 12 айға бөліп-төлеуге алып едім, несиесін бүгін жаптым. Мына Қытайдың бижутериясын 2900 теңгеге алуға болар еді», - деп жазған көпшілік.

Ал былтыр алғашқы теріс пікірлер жазылған кезде, Ерке Есмахан өндірісте «брак» кеткенін айтып, ауыстырып беруге келіскен болатын.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.