"Ұлттық қор – балаларға": әр балаға 130,71 доллар аударылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Мектеп директоры сабақ үстінде оқушының телефонын тартып алып, балғамен шағып тастаған (ВИДЕО)

Мектеп директоры сабақ үстінде оқушының телефонын тартып алып, балғамен шағып тастаған (ВИДЕО)
видеодан скриншот

Самарқанд облысында мектеп директоры сабақ үстінде оқушының телефонын алып, оны ақпараттық тақтаға шегемен қағып тастаған. Бұл оқиға жергілікті әлеуметтік желілерде тараған видеодан кейін белгілі болды, деп хабарлайды kznews.kz.

Видеода ер адам (оқу орнының директоры болуы мүмкін – ред.) оқушының телефонын қолына алып, оны балға мен шеге арқылы тақтаға қадап жатқан сәт анық көрінеді. Жанында тұрған жасөспірім, яғни телефон иесі, оны қайтарып алмақ болғанымен, қатаң ескерту естиді. Мұндай радикалды қадам гаджеттерді сабақ кезінде пайдалануға тыйым салу керектігі туралы "тәрбиелік шара" ретінде жасалған болуы мүмкін. Оқиғаға куә болған басқа оқушылар бәрін сырттай бақылап тұрған.

Жергілікті БАҚ-тың жазуынша, бұл жағдай қоғамда үлкен резонанс тудырып, тәрбиелеудің рұқсат етілген шектері туралы қызу пікірталасқа негіз болды. Әсіресе оқушының жеке мүлкін әдейі бүлдіру мәселесі қызу талқыға түсті. Алайда өңірлік білім басқармасы және тиісті ведомстволар әзірге ресми түсініктеме берген жоқ.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер