Freedom Finance-тың бұрынғы топ-менеджері ҚазТАГ-тан жеңіліп қалды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақстанда ақылы жолдардағы төлем тәртібі өзгереді

Қазақстанда ақылы жолдардағы төлем тәртібі өзгереді
Фото: ҚазАвтоЖол

Көлік министрлігі ақылы тасжолдардағы төлем жасау тәртібіне қатысты ережелерді жаңартуға кірісті, деп хабарлайды kznews.kz.

Жаңартылған тәсілдер жүргізушілерге төлемді уақытылы жүзеге асыру үшін қосымша уақыт пен мүмкіндіктер ұсынып, төлем жасау үдерісін барынша ыңғайлы әрі түсінікті етуді көздейді.

Қолданыстағы нормаға сәйкес, егер жүргізуші жолақысын жеті күнтізбелік күн ішінде төлемесе, сегізінші күні материалдар Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодексіне сәйкес белгіленген тәртіппен көлік бақылау органдарына жолданады.

“Алдағы уақытта жеңіл әрі ыңғайлы механизм енгізіледі: егер жеке тұлға жолақысын пайдаланған күннен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде төлем жасамаса, материалдар отыз бірінші күні Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодексіне сәйкес көлік бақылау органдарына жолданады”, – делінген ведомство хабарламасында.

Бұған қоса, бұрынғы тәртіпте жеке және заңды тұлғаларға бөлек талаптар қарастырылмаған болса, енді заңды тұлғалар үшін жеке механизм енгізіледі. Жаңа нормаға сәйкес, егер заңды тұлға есептік кезеңнен кейінгі айдың 20-сына дейін төлем жасамаса, материалдар келесі күні көлік бақылау органдарына жолданатын болады.

Ұсынылып отырған өзгерістер жүргізушілерге төлем жасау үдерісін ыңғайлы етуге, төлем мерзімін ұлғайтуға және объективті себептерге байланысты төлем жасалмаған жағдайда әкімшілік жауапкершілікке тартылу қаупін азайтуға бағытталған.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі