Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметінен өз еркімен кетті
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

"Күйеуімді сағынамын": Роза Рымбаева марқұм жолдасын айтып, көзіне жас алды (ВИДЕО)

"Күйеуімді сағынамын": Роза Рымбаева марқұм жолдасын айтып, көзіне жас алды (ВИДЕО)
YouTube/ Dinara Satzhan. Суретте: Роза Рымбаева мен Тасқын Оқапов

Қазақстанның халық әртісі, әйгілі әнші Роза Рымбаева өмірлік жолдасы, талантты музыкант Тасқын Оқапов туралы жүрек тебірентерлік естелік айтты, деп хабарлайды kznews.kz.

Өнер иесі жұбайын сағынышпен еске алып, оның өмірі мен шығармашылығына қосқан үлесін ерекше атап өтті.

"Күйеуімді сағынамын. Жалғыздық деген тек қана өмірде емес, өнерде де бар. Әрине, менің өнеріме ғашық адамдар бар. Бірақ мен оның бәрін Тасқынмен салыстырамын. Оның деңгейіне жеткен адамды кездестірмедім. Тіпті сондай адамды іздемедім. Екі балама өзім әкемін, өзім шешемін. Қазір немерем бар. Осы деңгейіме жетуіме, бар махаббатын, бар білімін арнаған – Тасқын. Тасқынмен кездеспегенде, мен бүгінде саханада жүрер ме едім?! Оны енді жасың өскен сайын түсіне бересің, түсіне бересің, түсіне бересің...", – деді Роза Рымбаева.

Айта кетейік, Роза Рымбаеваның жолдасы Тасқын Оқапов 1999 жылы өмірден өткен. Ол кенже ұлы дүниеге келерден бірнеше ай бұрын қайтыс болған.

Ерлі-зайыптылардың некесінен екі ұл дүниеге келген. Екеуі де ата-анасының жолын жалғады. Әли Оқапов – әнші, биші және продюсер ретінде танымал болса, Мәди Рымбаев те музыкамен айналысып, өз жолын қалыптастырып келеді.

2023 жылы Роза Рымбаеваның немересі – Зейін дүниеге келді. Ол Әли мен оның жары Ақерке Бүркітбайдың ұлы.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер