Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Йогурт тиеген жүк көлігі аударылып, жүргізуші тауарды халыққа таратып берген

Йогурт тиеген жүк көлігі аударылып, жүргізуші тауарды халыққа таратып берген

Маңғыстау облысында жол апатынан кейін тұрғындар тегін йогурт алып қалды. Оқиға 7 желтоқсанда Бейнеу – Боранқұл тасжолында болған, деп хабарлайды kznews.kz.

Көктайғақ салдарынан йогурт тиелген Scania маркалы жүк көлігі жолдан шығып, аударылып қалған. Жүргізуші жағдайды тұрғындарға хабарлап, бүлінбеген тауарды тегін таратып берген.

Полиция жол-көлік оқиғасының тіркелгенін растады. Абырой болғанда, апат салдарынан ешкім зардап шекпеген. Алайда жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін жүк көлігінің жүргізушісіне 20 айлық есептік көрсеткішмөлшерінде, яғни 78 640 теңге айыппұл салынған.

Оқиға орнынан түсірілген видеолар әлеуметтік желіде тез таралып, көпшіліктің назарын аударды.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.