Шоу-бизнес

Желі қолданушыларын боқтаған Нұрболхан Шараповты ел жерден алып, жерге салды

Желі қолданушыларын боқтаған Нұрболхан Шараповты ел жерден алып, жерге салды
Фото: Instagram/Нұрболхан Шарапов

Қазақ шоу-бизнесінде танымал әзілкеш әрі актер Нұрболхан Шарапов әлеуметтік желідегі әрекетімен дау ортасында қалды. Өнер иесі өзін сынаған желі қолданушыларына ауыр әрі бейәдеп сөздер айтып, көпшіліктің наразылығын тудырды, деп хабарлайды kznews.kz.

Оқиға Threads әлеуметтік желісінде басталған. Сол жерде актер кейбір пікір иелеріне адам сенімін, ар-намысты қорлайтын тіркестер қолданған. Бұл жағдай желіде хейттің күшеюіне себеп болып, Нұрболхан Шараповтың әрекеті мәдениет өкіліне сай емес деген сын айтылды.

Сынға жауап ретінде әзілкеш қарсы пікір білдірушілерге тағы да былапыт сөздермен жауап берген. Сонымен қатар ол бұған дейін қоғамда қызу талқыланған коуч Құралай Ошақбаеваның «Отанымды жемей, киноға барыңдар» деген даулы мәлімдемесіне тоқталып, оның сөзін «дұрыс түсінбегендерге» түсіндірмек болған.

Алайда бұл әрекеті де жұртшылықтың ашуын баса алмады. Көпшілік өнер адамынан сабыр мен жауапкершілік күткенін айтып, оның әлеуметтік желідегі мінез-құлқын қатаң сынға алды.

Ұқсас материалдар

Барлығы

Жаңалықтар

Тағы жаңалық
KZNews.kz