Жаңалықтар

"Күйеуім ұрып-соқты, шыдап келдім": Гүлзира Айдарбекова ел естімеген шындықты жайып салды (ВИДЕО)

"Күйеуім ұрып-соқты, шыдап келдім": Гүлзира Айдарбекова ел естімеген шындықты жайып салды (ВИДЕО)
ашық дереккөзден

Гүлзира Айдарбекова отбасылық өмірге қатысты өз пікірін айтып, қазіргі қоғамдағы ажырасу мәселесіне байланысты өткір ой айтты, деп жазады ozgeris.info.

Продюсердің сөзінше, бүгінде ажырасуды насихаттайтын әйелдер көбейіп, жастардың санасын шатастырып жатыр.

"Күйеуімнен қиындық көрдім ұрды-соқты, шыдап келдім түк тапқан жоқ содан ажырасып кеттім. Ажырасқан кезде қиналдым. Сосын жұмыс істедім. Қазір көтерілдім, менде вилла бар, джип бар" деп жұрттың бәріне сабағын сатады. Содан кейін жастардың миы айналады. Олар қайбір ақыл айтатын адамдар дейсің. Ене мен келіннің арасына от салады. Бізге аналарымыз әйелдің бір табан кішірейіп тұру керектігін үйреткен. Ата-ене мен азаматты сыйла деген. Қазір азаматтың ешқандай қадірі қалған жоқ. Бәрін әйел басқаратын, әйелдің айтқанымен жүретін уақыт болып кетті. Әр нәрсенің өз орны болуы керек. Сен қыз кезіңді еркелік жасадың. Енді ана болған кезде бір үйдің түтінін түтетемін деп келесің ғой. Неге сен қартайған ата-ананы тастап кетуің керек? Өз өміріңді сүретін де уақыт болады", – деді Гүлзира Айдарбекова.

Ұқсас материалдар

Барлығы

Жаңалықтар

Тағы жаңалық
KZNews.kz