Аптаның үздік жеті хикаясы
Күнделікті қарбалас шаруамен жүріп Азаттықтың маңызды мақалаларын, видеорепортаждарын, фотогалереяларын көрмей қалуыңыз мүмкін. Осы аптада сайтымызда шыққан жеті үздік хикаяны тағы бір мәрте қаперлеріңізге саламыз.
Мамырдың 20-21 күндері Парижде өткен конференцияда Қазақстандағы қоғамдық-саяси жағдай талқыланды. Жиынға бір топ қазақстандық белсенді және қазір Еуропада тұрып жатқан бұрынғы премьер-министр Әкежан Қажыгелдин мен Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиев қатысты. «Ақиқат» ЖСДП төрағасы Ермұрат Бапи Париждегі жиында қандай мәселелер талқыланғанын Азаттыққа айтып берді.
АҚШ-та оқып, Жапонияда кәсіп қылған соң Қазақстанға оралған қостанайлық ағайынды екі жігіт мамырдың 9-ы күні «заң қызметкерлеріне бағынбады» деген айыппен бес тәулікке қамалған. Олар Азаттыққа қалайша «деструктивті сыртқы күшке» айналып кете жаздағандарын баяндап берді. Толығырақ оқып-білу үшін мына сілтемені басыңыз.
Google интернет компаниясы қытайлық Huawei корпорациясымен әріптестігін тоқтатып, Android бағдарламасын жаңарту мүмкіндігін шектеді. Қазақстанда Huawei смартфоны бар тұрғындарға бұл қалай әсер етпек? Азаттық зерттеп көрді.
Мамырдың 24-і күні Алматыда Еуразия медиа форумы аяқталды. Үш күнге созылған жиында Қазақстан немесе Орталық Азиядағы сөз бостандығы, баспасөзге қысым мәселелеріне жеке сессия арналмады. Сарапшылар бұл мемлекеттің жарнамалық жобасы деп санайды. Ұйымдастырушылар форум ғаламдық мәселелерге арналғанын алға тартады. Мақаланы толық оқу үшін мына сілтемені басыңыз.
23 мамырда Нұр-Сұлтанда Қазақстан индустрия және инфрақұрылым министрлігінің ғимараты алдында бірі мүгедек баласы бағып отырған, бірі көп балалы отыздан аса ана келді. Олар баспана мәселесіне шағынып, мүгедек баласы бар аналарға арнаулы баспана кезегін құруды сұрады. Жиналғандар «көп балалы аналар үшін әкімдік құрған арнаулы баспана кезегіне мүгедек балалылар қосылса, кезегіміз ұзарып, біз артта қалып қоямыз» деді.
Қарағанды облысындағы Ескі Жәйрем тұрғындары қауіпсіз орынға көшіруді, я денсаулықтарына залал келтіргені үшін өтемақы төлеуді талап етеді. Олардың ауылы полиметалл кен өндіру мекемесінің карьері мен үйінділерінің дәл іргесінде тұр. Толығырақ оқып-білу үшін мына сілтемені басыңыз.
AzattyqLIVE тікелей эфирінде «Ақиқат» ЖСДП партиясы төрағасының орынбасары Тазабек Сәмбетбай мен журналист-жазушы Мырзан Кенжебай Қазақстандағы оппозициялық ұйымдар мен саяси науқан – президент сайлауы алдындағы жағдайды талқылап, пікір таластырды.