Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

"Қайраттың" жұлдызды қақпашысы жаңа клубтан шақырту алды

"Қайраттың" жұлдызды қақпашысы жаңа клубтан шақырту алды
Фото:”Қайрат” фк

Алматылық "Қайрат" футбол клубының 18 жастағы қақпашысы Шерхан Қалмырзаға "Тараз" клубы қызығушылық танытып отыр, деп хабарлайды kznews.kz.

Бұл туралы клубтың жаңа директоры Дидар Сыдықбек мәлімдеді.

Оның айтуынша, алдағы уақытта "Қайрат" клубына ресми ұсыныс жолданады. 

"Біз Шерхан Қалмырзаға қызығушылық танытып отырмыз. Ертең ұсыныс жасап, келіссөздерді бастаймыз. Ол – Жамбыл облысының тумасы", – деп жазды Дидар Сыдықбек өзінің Telegram-арнасында.

Айта кетейік, Шерхан Қалмұрза Темірлан Анарбеков жарақат алған соң Чемпиондар лигасында  "Спортингке" қарсы ойында қақпаға тұрып, 11 метрлік айып соққыны сәтті қайтарды. Осылайша ол турнир тарихында он сегіз жасқа жетпей-ақ пенальти қайтарған ең жас голкипер ретінде Чемпиондар лигасының жылнамасына енді.

Сонымен қатар “Қайрат” атақты Мадридтің “Реалына” қарсы матчта дәл осы Шерхан қақпаға тұрды. Ол ойын барысында қақпаға 5 гол өткізіп алғанына қарамастан жанкүйерлердің көзайымына айналды.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.