Жаңалықтар

Төрт баланың қазасы: Бестерек оқиғасы бойынша сот үкімі шықты

Қайсар Қанат Қайсар Қанат
Төрт баланың қазасы: Бестерек оқиғасы бойынша сот үкімі шықты
ашық дереккөзден

Абай облысы Үржар ауданына қарасты Бестерек ауылында төрт баланың өмірін қиған жол-көлік оқиғасына қатысты сот шешімі жарияланды, деп хабарлайды kznews.kz.

Қайғылы жағдай 2025 жылғы 19 тамызда болған. Toyota маркалы көлікті басқарған жүргізуші рөлге ие бола алмай, тұрғын үйдің қоршауына соғылған. Сол сәтте аулада жүрген алты бала көлік астында қалып, салдарынан төртеуі қаза тапқан.

2025 жылдың 30 желтоқсанында Абай облысы соты іс бойынша үкім шығарды. Эпилепсия дерті бар 55 жастағы ер адам 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қауіпсіздігі барынша төмен мекемеде өтейтін болды.

Сондай-ақ сот шешіміне сәйкес, сотталған азамат қаза тапқан балалардың ата-аналарына – екі отбасыға жалпы көлемі 50 миллион теңге көлемінде моральдық өтемақы төлеуге міндеттелді.

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz