Веналық және басқа да жұмсақ вафлиді қалай дайындауға болады — Қазақстан жаңалықтары
Веналық, сүбелі, алма, бананды-апельсин, ірімшік және тіпті картоп вафлиі санаулы минуттарда дайындалады. Оларды қалай әзірлеу керектігін Stan.kz ұсынған дайындау тәсілінен біле аласыздар.
Вафли қамырын қалай дайындайды
Жұмсақ вафли – бұл қопсытқыш ұнтақ қосылған қамырдан жасалған төртбұрышты немесе дөңгелек келген үлпілдек вафли. Ал, веналық вафли классикалық деп аталады.
Вафли дайындау кезінде ұстану керек 4 негізгі құпия
- Егер сіз дайындайтын рецептте май болса, онда оны сулы жылытқышта ерітіп алу керек. Себебі, еріген сары маймен дайындалған вафли нәзік дәм мен кеуектілікке ие болады. Майды сулы жылытқышта еріту үшін сізге ас пісіретін пеш пен үлкенірек және кішірек 2 кастрөл қажет. Ал майды еріту үшін алдымен майды кішкене ыдысқа салыңыз да, оны қайнаған су тұрған үлкен кәсрөлге қойыңыз. Сосын сары майды үздіксіз араластырып отырып, оны ерітіңіз.
- Жұмыртқа қамырға әрдайым ерекше әдіспен қосылады. Бірінші сарыуызды ақуыздан бөліп, бірден қамырға қосады. Ал, ақуызды соңына дейін шайқайды және қамырға соңында қосады. Кішкене ауа көпіршіктері вафлиге үлпілдектік пен жұмсақтық береді. Егер ақуызды сарыуыздан бөлмей салсаңыз немесе оларды басында қоссаңыз онда вафли резеңке секілді болып қалады.
- Егер рецептте айран, сүт немесе қаймақ болса, олар ақуыздың алдында, соңына таман қосылады.
- Көпіршітілген ақуыз қосылмаған барлық ингредиенттер миксермен жақсылап араластырылып, біртектес масса болғанға дейін, терең ыдыста араластыру арқылы дайындалады. Ал ақуыз қосқан кезде қамырды тек қолмен араластырады. Қоюлық дәрежесі бойынша ол қаймаққа ұқсауы қажет немесе құймаққа арналған қамырдан біраз қою болуы керек.
Классикалық рецепт бойынша әзірленетін веналық вафли
Қажетті ингредиенттер:
3 жұмыртқа, 100 г қант, 150 мл сүт, 100 г май, 250 г ұн, 1 шай қасық қопсытқыш ұнтақ, 1 ас қасық лимон шырыны.
Йогуртты вафли
Ингредиенттер:
Йогуртты вафли әзірлеу үшін 110 г май, 300 г ұн, 100 г қант, 300 мл жеміс йогурты, 2 шай қасық қопсытқыш ұнтақ, 2 жұмыртқа керек.
Сүзбелі вафли
Бұл вафлиді дайындау үшін сізге 200 г сүзбе, 2 жұмыртқа, 3 ас қасық ұн, 70 мл сүт немесе айран, 1 шай қасық қопсытқыш ұнтақ, дәміне қарай тәттілендіргіш, 1 ваниль қаптамасы керек болады.
Алмадан жасалған вафли
Керекті ингредиенттер:
1 үгітілген алма, 1 жұмыртқа, 4 ас қасық ұн, 5 ас қасық айран, 1 шай қасық қопсытқыш ұнтақ, дәміне қарай тәттілендіргіш, 1 ваниль қаптамасы, қалауыңыз бойынша 1 шай қасық даршын.
Бананды-апельсинді вафли
Вафлидің бұл түрін дайындау үшін бізге 2 банан, 130 г ұн, 100 мл апельсин шырыны, 1 шай қасық қопсытқыш ұнтақ, дәміне қарай тәттілендіргіш, 1 шай қасық апельсин қабығы керек.
Ірімшік вафлиі
Қажетті ингридиенттер:
150 грамм ұнтақталған ірімшік, 6 ас қасық ұн, 1 жұмыртқа, 50 мл айран, ½ шай қасық қопсытқыш ұнтақ.
Картоптан жасалған вафли
Картоптан вафли жасау үшін бізге үгітілген 2 орташа картоп, 1 жұмыртқа, ½ кішкентай қуырылған пияз, 1 1/2 ас қасық ұн, көк шөп және дәміне қарай дәмдеуіштер керек болады.
Қырыққабат вафлиі
Ингредиенттер:
350 грамм қырыққабат, 2 жұмыртқа, 200 г ұн, 200 мл сүт немесе айран, көк шөп, дәміне қарай дәмдеуіштер.
Балық вафлиі
Ингредиенттер:
1 құты өз шырынында дайындалған тунец, 2 жұмыртқа, 4 ас қасық ұн, 2 ас қасық қаймақ, ½ шай қасық қопсытқыш ұнтақ, бір салым тұз.
Веналық және басқа да жұмсақ вафлиді қалай дайындайды
Вафель қалыбында пісіру үшін
Вафли қалыбының темір тілігін өсімдік майымен майлаңыз да құрылғыны қыздырыңыз. Бұл кезде міндетті түрде жарық индикаторына назар аударыңыз: вафли қалыбы қолдануға дайын болғанда жасыл жарық жанады.
Әр тілікке 2 ас қасық қамыр салыңыз. Одан көп салуға болмайды, әйтпесе қамыр жан-жағына ағып кетеді. Ал, егер аталған нормадан аз болса, онда вафли тым кішкентай шығады.
Пісіру уақыты құрылғының қуаттылыға байланысты болады. Оның қуаты қаншалықты көп болса, вафли соғұрлым жылдам піседі. Мысалы, 700 W қуатты Moulinex SW611812 моделі вафлиді 10 минуттың ішінде пісіреді. Ал қуаты 920 Вт болатын температурасы реттелетін Kate-KT-1620 вафли қалыбы вафлиді шамамен 6 минутта дайындайды.
Вафли пісіп, дайын болғанда жасыл жарық өшеді.
Жарық индикаторлары бар ең танымал вафли қалыптары:
- Термостаты реттелетін Gfgrill GFW-015 вафли қалыбы;
- Қамырды біркелкі жайластыруға арналған құрылғыны аудару мүмкіндігі бар Gemlux GL-WM-888R вафли пісіргіші;
- Жұмсақ вафли ғана емес, сондай-ақ үшбұрышты бәліш, бүйрекше бәліш, жұқа қытырлақ вафли, құймақ, қойылтылған сүті бар жаңғақтарды және тағы басқа тәттілерді пісіруге мүмкіндік беретін алынбалы панелі бар Redmond RMB-M713-1 вафли қалыбы;
- Вафли нанына арналған конусы бар Endever Skyline WM-20 вафли пісіргіші;
- Қамырды біркелкі бөлу үшін бұрма тұтқасы бар Gfgrill GF-020 вафли қалыбы;
- Үлкен вафли жасау үшін тор ұяшығы бар Kitfort КТ-1611-3 вафли қалыбы;
- Температураны өзгертуге мүмкіндік беретін Clatronic WA 3606 вафли қалыбы.
Есіңізде болсын, құрылғының күйдірмейтін жабынына зақым келтірмеу үшін, вафлиді силиконды қалақшамен немесе қысқашпен алу керек.
Тұмшапеште пісіру үшін
- Ыдысты өсімдік майымен майлаңыз. Содан кейін ұяшықтарға қамыр құйыңыз. Сосын ішіндегі қамыр біркелкі жайылу үшін қалыпты шайқаңыз.
- Қалыпты 220 ° C-қа дейінгі температурада қыздырылған пешке қойыңыз. Мұндай температурада вафлиді 8-9 минут пісіру керек. Содан кейін оларды қалыптан шығарып, вафлиді пісіру табағына салыңыз да, тағы 5 минут пісіріңіз.
Вафлиді немен беруге болады
Тәтті вафли – балмұздақпен, жеміспен, жидекпен, үгітілген бадампен, йогурт, кілегей, қант ұнтағымен, джем, бал, шоколад және топпингпен беріледі.
Ал тәтті емес вафлиді – әр түрлі тұздықтармен, қаймақ, хумус, көкөністермен, балық кесегімен, бекон, жұмыртқа және паштетпен береді.
stan.kz