Перзидент мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын көтерді — Қазақстан жаңалықтары
Бүгін, 15 сәуірде, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев екі заңнамалық актіге қол қойды, деп хабарлайды Stan.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы «2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды. Сонымен қатар «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2019-2021 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» заңына өзгеріс енгізу туралы заңға қол қойылды.
«Енді 1 миллионнан астам айлығы төмен ауылдық, аудандық, облыстық деңгейдегі бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысы 2019 жылдың 1 маусымынан бастап өсетін болады», — деп жазды президент Twitter-де.
stan.kz