Атырауда қоқыстан 8-9 айлық сәби табылды — Қазақстан жаңалықтары
Атырауда қоқыс жәшігінен 8-9 айлық нәресте табылды. Мұны полиция департаменті растады, деп жазады Stan.kz ҚазАқпарат агенттігіне сілтей отырып.
Сәби табылғаны туралы әлеуметтік желіде жария болды. Куәгерлер сәбидің киімі таза екенін, қорапқа бөтелкесі салынғанын айтты.
Полиция департаменті баспасөз хатшысы, Полиция департаменті баспасөз қызметінің басшысы Назымгүл Қайсағалиеваның айтуынша, сәби қоқыс арасынан табылған. Баланың денсаулығын дәрігерлер тексеріп көрді. Сәбидің жағдайы жақсы. Ол қоқыстан қорапқа салынған күйінде табылған.
Бұдан өзге ақпарат жарияланған жоқ.
stan.kz