Тоқаев Астананы Нұрсұлтан деп атауды ұсынды

0

Саясат

Қысқа сілтеме алу

65 0 0

Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев ел халқына ант беріп, Қазақстан президенті қызметіне ресми түрде

АСТАНА, 20 наурыз – Sputnik. Қазақстан президенті болған Қасым-Жомарт Тоқаев Астананың атауын өзгертуді ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

«Қазақстанның тұңғыш президентінің есімін мәңгі есте қалдыру қажет деп санаймын. Біздің Астана біздің президентіміздің есімімен Нұрсұлтан деп аталуы керек», — деді ол.

Еске сала кетсек, кеше Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев республика халқына арнаған үндеуінде президенттік өкілеттігін тоқтататынын мәлімдеген еді. Президенттің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда, оның өкілеттігі қалған мерзімі аяқталғанға дейін сенат төрағасына беріледі. Осылайша Қазақстан президенті міндетін уақытша атқару сенаттың қазіргі төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевқа жүктелді.

Айта кетсек, Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның қауіпсіздік кеңесі мен «Нұр Отан» партиясының басшысы болып қала береді.



sputniknews.kz