Қу түлкі мен ұмытшақ аю ертегісі балабақшадағы ертеңгіліктер
«Қысқы ертегілер» апталығына
«Қу түлкі мен ұмытшақ аю» ертегісін театрландыру.
Рольдерде ойнайтындар:
Түлкі: Нұрсауле
Аю: Талап
Қасқыр: Алихан
Түйе: Ержан
Автор сөзі:
Аю, қасқыр, түйе, түлкі төртеуі өздерінше достасып, өздерінше өмір сүріп көріпті. Жұбын жазбайтын достар бірде ұзақ сапарға шығады. Әлде қарны ашты ма, әлде бұрыңғы әдеті бойынша достарын алдағысы келді ме екен, бірде…
Түлкі:
— Осы Түйені жесек қайтеді? – деді.
Қасқыр:
— Әрине, жеуге болады,-деді қасқыр. Бірақ Аю әкемізді танытады ғой!
Түлкі:
— Ой, қорқақ!-деді де, Түлкі құйрығын бір бұлаң еткізеді де, аяғын ақырын басып, Аюдың жанына келеді.
Түлкі:
— Аю, еке! Сіз білесіз бе? Қасқыр Түйені жеймін деп жүр, — дейді сыбырлап,
Ал аю өте ұмытшақ болатын. Түлкінің айтқанын сол жерде – ақ ұмытып қалады.
Содан Түлкі тура Түйенің өзіне барып;
— Қасқыр мен Аю сені жейді – ау осы, — дейді.
Түйе:
— Неге? Менде нелері бар? – деп бақырып қалады, ұзын мойыны аңқау Түйе.
Түлкі:
— Сен өте үлкенсің. Көрмейсің бе? Етің қандай көп. Сені жесе достарыңның көпке дейін қарны ашпайды.
Түйе:
— Достарымның қарны ашпайтын болса, жарайды, келістім? – дейді.
Аю, Қасқыр және Түлкі Түйені союға кірісті. Қасқыр мен Түлкі ішек-қарнын тазалайды.
Шыдамсыз Түлкі бір ұзын ішекті жұтып жібермекші болады.
Қасқыр:
— Жеме, Аю ұрсады.
Әйтсе де, Түлкі қасқырдан көзін аша бере әлгі ішекті қылғытып жібереді. Ішектің жоқ екенін Аю сезіп қойып:
Аю:
— Ішек қайда? Деп ақырады.
Түлкі:
-Қасқыр жеп қойды! – дейді Аюдан қорыққан қу Түлкі, өтіріктен — өтірік.
Аю қасқырға тап береді. Қасқыр тура қашады. Олар ұзап кеткен кезде Түлкі Түйенің етін түп – түгел жым-жыластығып үлгереді.
Қасқырға жете алмай, қайта оралған Аю ептігін баса алмай:
Аю:
— Ет қайда? — деп қаһарлана гүж ете түседі.
Түлкі:
— Өзің бәрін алып кеттің ғой. Есіңде жоқ па? – дейді Түлкі беті бүлк етпестен.
Жоқ. Мен әкеткен жоқпын!- деп Аю айта алмайды. Сөйтсем, сөйткен шығармын, тыққан жерімді ұмытып қалғаным ба? Қап, әттеген – ай, Ә! – деп ойлайды. Ал Түлкі болса, бір Түйенің етіне жалғыз өзі ие болып, қулығын асырады.
Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!