Дыбыстық символизм — Қазақ тілі
Дыбыстық символизм (фонетикалык символйзм) орыс. Звукосимволизм — кейбір сөйлеу дыбыстары мен қандай да бір түсініктердің арасында тікелей сәйкестік болады деген болжамнан туған. Сөздің Дыбыстық символизмінің (бейнелеу тұрғысында) эр түрлі қозғалысты, қимылды, жарық-сәуле құбылыстарын, формалар мен көлемді. адам мен жануарлардың физиологиялық, эмоциялық күйін т. б. білдіруі жиі кездеседі. Мысалы: жарқ-жұрқ, жарқылдау, мияулау, гүрсілдеу, мөңіреу, қалт-құлт, аһлау, уһлеу т. б. Дыбыстық символизмгe мағынасында символикалық байланыс сезілетін сөздермен қатар, қазіргі кезде ондай байланыс әлсіреген сөздер де жатады. Оларды Дыбыстық символизмді айқындау әдістері арқылы білуге болады Семантикалық және құрылымдық жағынан ерекшеленіп, көптеген Дыбыстық символизмдер не дыбысқа еліктеуден туған сөздер етістіктің және баска сөз таптарының ерекше топтарын жасайды. Казіргі тілдерде Дыбыстық символизм субъективты (адам психикасында сақталатың дыбыс пен мағына байланысы ) және объективті(тілдегі сөздерде сақталатын дыбыс пен мағына байланысы) түрлерге бөлінеді. Дыбыстық символизмнің аса маңызды психофизиологиялық негіздері — синестезия (к.) менкинемика (к.) Дыбыс пен мағынаның байланысы жайындағы мәселемен көптеген ғалымдар әр кезенде айналысқан (Платон, Ж. Ж. Руссо, М. В. Ломоносов т. б.), 18—19 ғасырларДыбыстық символизмді зерттеу негізінен тілдің шығуына байланысты дыбысқа еліктеу, одағай теориялары түрінде жүргізілді (Л. В. Лейбниц, В. Гумбольдт т. б.). 20 ғасырдың 50—60 жжылдары Дыбыстық символизм танбалардын уәжділігі, бала тілі, эксперименттік психология, психолингвистика т. б. байланысты терендетіле қарастырылды. 20 ғасырдың 70—80 жылдары Дыбыстық символизм фоносемантикада (к.) қарастырылатын болды