«Зз» дыбысы және әрпі балабақшадағы ертеңгіліктер

0

                  ҚББ №32 «Қызғалдақ» санаторлық балабақшасы КММ 

 

 

«Зз» дыбысы және әрпі

 

 

Тәрбиеші: Арыстанова Айзада Шакизадақызы

Қызылорда қаласы
                    Ашық оқу іс-әрекетінің  мазмұны:
                             Мазмұны    Уақыты    Іс-әрекетті  орындаушы
І   Кіріспе  бөлім 
1.    Кіріспе  сөз
2.     Шатық  шеңбері

ІІ  Негізгі   бөлім
1.    Қонжықтың тапсырмасын орындау.
      (сұрақ-жауап)

2.    Жаңа әріппен таныстыру
«З з» дыбысы мен әрпі
      3. «З» дыбысына байланысты
          «Дыбыстық талдау жасату»
      4. Ойын: «Құстарға ұя жасату»
      5. Сергіту сәті. 
      6. «З з» әріпінің баспа және жазба түрімен                 
                    таныстыру.
             «З з» әріпін жазу
      7. Суретке қарап сөйлем құрату
ІІІ Қорытынды  бөлім
1.    Ойын:   «Сөз ойла, тез ойла»
2.    Үйге тапсырма.
3.    Бағалау 
   Барлығы           2мин
1мин
1мин

24мин
4мин

2 мин

3 мин

5 мин
1 мин

5 мин
4 мин
4 мин
3 мин

1 мин
30 мин     
Тәрбиеші
Оқушылар

Тәрбиеші
Оқушылар 

Тәрбиеші 

Оқушылар

Оқушылар  
Оқушылар  
Тәрбиеші

Оқушылар
Оқушылар

Оқушылар

Тәрбиеші

Білім беру саласы:   Қатынас
Ұйымдастырылған  оқу іс-әрекет  түрі:  Сауат ашу
Тақырыбы:   «З з дыбысы мен әрпі»
Мақсаты: Сөзге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету, сөздерді буынға дұрыс бөле білу,сурет арқылы   заттың аттарын атауын білу, логикалық ойлау қабілетін арттыру. Жазу дағдысына үйрету.
Көрнекіліктер:  Әліппе — дәптері, суреттер, тақтамен жұмыс.
Әдіс – тәсілдер: Әңгімелесу, көрнекілік, түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын, суретпен жұмыс.
Түрі:  Аралас сабақ
Типі:  Жаңа сабақ
       Қызмет       
       кезеңдері    Тәрбиешінің  іс-әрекеті    Оқушының 
 іс-әрекеті

   
    Мотивациялық  
          қозғалыс              Шаттық шеңбері
      Армысың, алтын күнім!
      Жарқырап нұрын шашқан.
      Армысың, көк аспаным!
      Көгіңе самғап ұшсам.
     Армысың, жер-анам!
     Құшағын бізге ашқан.
     Армысыңдар, достарым!
    
Балалар іс-қимылмен көрсетеді.

        Ізденуші        
ұйымдастырушы

    -Қазір жылдың қай мезгілі?
-қыстан кейін,қандай мезгіл келе жатыр?
-Көктем мезгілі 
-Көктем мезгілінің ай аттарын атаңдаршы?
— Көктем мезгілінде табиғатта қандай өзгешеліктер болады?
— Күн жылынады.
— Қар ериді
-Құстар жылы жақтан ұшып келеді
— Жан-жануарлар ұйқысынана ояна бастайды. Ормандағы аңдарда ұйқысынан ояна бастайды. 
Балалар, ормандағы аюда ұйқысынан оянып, қонжықтарын ертіп, серуендеуге шығып, бізге қонаққа келіпті. Олар бізге өздерімен бірге әр-түрлі тапсырмаларын ала келіпті, егер біз олардың тапсырмаларын жақсы орындасақ, бізге аю сыйлық ала келіпті.
Аюдан сыйлық алғыларың келе ме?
-Иә. Олай болса,қонжықтардың тапсырмасын орындауға дайынбыз ба?
Егер сендер белсене қатыссаңдар менде сендерге әдемі күлімдеген жұлдызша беремін, қане жұлдызша жинауға,аюдан сыйлық алуға дайынсыңдар ма?
1-қонжықтың тапсырмасы: 
Әріптерді қайталау.
-Олай болса, бірінші қонжықтың тапсырмасын көрейік. Бұл қонжық бізге әріптер ала келіпті.  Олар қандай әріптер екенін көрейікші. 
Балалардан әріпатерді сұрау. 
—    А, Т, Ғ, Қ, Ә, У, Ж,Ы, Р, И, Ш, 
Олардың қандай дыбыс екенін ажыратайық. 
Дауысты ма, дауыссыз ба?
Тапсырма біткеннен кейін сұраққа жауап берген балаларға жұлдызша таратып беріліп отырады.

2 -қонжықтың тапсырмасы:  Сұрақтар.

Енді келесі қонжықтың тапсырмасын қарайық. Бұл қонжық бізге әр түрлі сұрақтар алып келіпті?
-Сөз дегеніміз не?
-Сөз неден құралады?
-Дыбыс дегеніміз не? 
-Дыбыстың таңбасы не деп атаймыз?
— Дыбыстар айтылуына қарай  нешеге бөлінеді?
-Дауысты, дауыссыз дыбыстарды қандай текшелермен белгілейміз?
 -Жарайсыңдар, балалар! 
Тапсырма біткеннен кейін сұраққа жауап берген балаларға жұлдызша таратып беріліп отырады.

Оқулықпен жұмыс.

3-қонжықтың тапсырмасы:
Араның суреті.   «З» дыбысы.

—    Балалар, қараңдаршы. Біз бұл қонжық бір ойыншық  алып келіпті. 
Араның ойыншығын көрсетеді. 
—    Балалар, мынау не? 
—    Иә, дұрыс ара. Олай болса, араның даусын салайықшы. 
Балалар араның даусын салады. 
Біз,ара туралы қандай тақпақ білетін едік. Қане,есімізге түсірейікші. 

Ағайынды аралармыз,
Еңбек үшін жаралғанбыз. 
-з-з-з-з-з-з
Шырын іздеп  күні бойы,
Гүл бақшаны аралаймыз.
-з-з-з-з-з-з-з
— Енді осы араның даусында –з-з-з-з- дегенде біз қандай дыбыс естіп тұрмыз.
—    Жарайсыңдар! «з-з-з-з-з-з» деген дыбыс шығып тұр. 
—    Ол қалай айтылып тұр?
—    Дұрыс. «З». Қане барлығымыз бірге қайталайықшы. «З» тәрбиеші оқушылармен бірге қайталайды. 
—    «З» дыбысын айтқанда тіліміз қандай қалыпта тұр. 
—    Дұрыс. Тіліміз тісімізге кедергі жасап, ауа қысылып шығып тұр. Яғни оны қандай дыбыс деп атаймыз? Және қандай текшемен белгілеміз?
—    Дұрыс. Дауыссыз дыбыс. Көк текшемен белгілейміз. 

4-қонжықтың тапсырмасы: Суретпен жұмыс. Дыбыстық талдау жасау. 

—    Келесі қонжығымыздың тапсырмасын қарайық. Бұл қонжық бізге суреттер алып келіпті. Қане, біз осы суреттерге қарап, дыбыстық талдау жасайық. 
—    «Зымыран» неше буын бар? 
—    4 буын бар. 
—    «З» дыбысы сөздің қай жерінде кездесіп тұр.
—    Дұрыс. Сөздің басында кездесіп тұр.
—    Келесі «Жүзік» буынға бөліңдер? 
—    Неше буын бар? 
—    «З» дыбысы сөздің қай жерінде кездесіп тұр?
—    Дұрыс. Ортасында. 
—    «Жұлдыздың» суреті
—    Неше буын бар? 
—    «З» дыбысы сөздің қай жерінде кездесіп тұр?
—    Жарайсыңдар!  Сонымен «З» дыбысы сөздің басында, ортасында,аяғында да кездеседі екен.
Көктем мезгілінде жылы жақтан ұшып келген құстарға ұя керек. Құстарға ағаштарға ұя орнатуға көмектесейік.  
Ойын: « Құстарға ұя жасайық»    
Ағаштарға ұяларды орнатайық. Әр ұяның бетіне буындар жазылған, сол буындарды оқып, ағашқа ілейік. 
Балалар жеке-жеке буындарды оқып,оларды ағашқа орнатады. 

-аз,  -оз, -қаз,  -жаз,  -аз, -боз, -зе,  -зер-де,  — зе-ре

Тапсырма біткеннен кейін сұраққа жауап берген балаларға жұлдызша таратып беріліп отырады.

5-қонжықтың тапсырмасы: Сергіту сәті. 

—    Балалар, қонжықтар қыс бойы ұйықтап-ұйықтап, шаршап қалыпты, ол бізге шармасын деп сергіту жаттығуын алып келіпті. 
Сергіту жаттығуы. «Қорбаңдаған аю»
Сергіту жаттығуын орындайды. 

6 -қонжықтың тапсырмасы:  «З» дыбысының баспа және жазба түрімен таныстыру. 
Жазу. 
«З» дыбысын жазып үйрену.
«З» дыбысы 3 санына ұқсайды дедік. Ауада жакзып үйренейікші. Қане, барлығымыз бірге оның жазылу танысайық. Тәрбиеші борды қолына алып, З дыбысын ауада жазып көрсетеді. 

Соны балалар қайталайды. 
Енді. Дәл осылай дәптерізге орындаймыз.
Балалар дәптерлеріне «З» дыбысын жазады. 

Тапсырма біткеннен кейін сұраққа жауап берген балаларға жұлдызша таратып беріліп отырады.

7-қонжықтың тапсырмасы: Сөйлем құрату. 

Тақтаға сызбаның үлкен суреті ілінеді. 
Дәптердегі сызба бойынша сөйлем құраймыз. 
    Қарбыздың суреті 
Яғни, біз осы сызба арқылы сөйлем құрауымыз керек. Мысалы: Атам қарбыз өсірді. Қарбыз бақшада өседі. балалға сөйлем құратады. 
8 -қонжықтың тапсырмасы: Ребусты шешу. 
Балалар біз ребус шешуді білеміз. Қане барлығымыз ребуысты шешейік. 
Қаздың суреті  ЫНА . осы ребусты орындаңдаршы.  «ҚАЗЫНА».
«Қазына» сөзіне сөздік жұмысын жүргізу. 
-Балалар , Қазына дегеніміз – түрлі бағалы заттар, дүние мүлік,байлықты атайды. 
-Жарайсыңдар, балалар! Сендер қонжықтардың барлдық тапсырмаларын орындадыңдар. 
    -Қыс мезгілі
-Көктем мезгілі
-Сауат ашу оқу іс-әрекетінде біз дыбыстар мен, әріптермен, буындармен, танысамыз. Жазуды, оқуды үйренеміз. 

Сөз дегеніміз – бір заттың аты.
-Сөз дыбыстан құралады.
-Дыбысты айтамыз, естиміз.
-Дыбыстың таңбасын әріп дейміз.
-Әріпті көреміз, жазамыз, оқи аламыз
-Дыбыстар айтылуына қарай екіге бөлінеді.
Дауысты дыбыс және дауыссыз дыбыс болып екіге бөлінеді. 
-Дауысты дыбысты қызыл текшемен, дауыссыз дыбысты көк текшемен белгілейміз.
-Сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады.

Балалардың жауабы тыңдалады

Тақтаға әр бала шығып, ұядағы буындарды оқып, ағаштарға іліеді. 

Сергіту жаттығуын жасайды

«З» әрпін дәптерлеріне жазып шығады.

Суретке қарап, сөйлем құрайды.

Ребусты орындайды. 

Рефлексивті түзетуші    Сендер қонжықтардың тапсырмаларын жақсы орындап шыққаны үшін  «Аю» риза болып,   өзі баллды жақсы көргендіктен, сендерге бал әкеліпті,- деп. Аюдың ыдысының ішінен балдың суретін балаларға таратып береді.
Балаларға балдың суретін таратып шығады. 

Дидактикалық ойын. «Сөз ойла, көп ойла».
«Сөз ойла, көп ойла» ойыны. Менің қолымдағы сиқырлы таяқшаны бастап  бір балаға беремін. Сендер «З» дыбысынан басталатын сөз айтып келесі балаға, яғни бір-бірлеріңе беріп отырасыңдар. 
Үйге тапсырма «З» дыбысының жазбаша түрін дәптерге жазып келу    
Балалар оқу іс-әрекетіне белсене қатысады.

 

Күтілетін нәтиже:      
Білу керек:      «З з» дыбысы мен әрпін білу керек.
Игеру керек:     «З з» дыбысының дауыссыз дыбыс екенін игеру керек. 
Жасай білу керек:     «З з» дыбысының сөз ішіндегі орнын таба білу керек.

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!


Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!