Найзағайлар атылды,
Жерге бұршақ шашылды.
Нөсер жауып бір кезде,
Жұртты әуреге салдырды.
Қозы – лақтар маңырап,
Бұзаулар да аңырап.
Айналаға қарасаң,
Көрінбейді атырап.
Нөсер жаңбыр жауады,
Сай – саладан ағады.
Жердің бәрі балшық боп,
Бассаң балқып барады.